Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Президенттікке кандидат С.Тұрсынбекова өнер адамдарымен кездесті

AstanaTV
04.11.2022ж. 20:00
856
Президенттікке кандидат С.Тұрсынбекова өнер адамдарымен кездесті

Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова болса, Алматыдағы өнер адамдарымен кездесті. Оларға сайлауалды бағдарламасын таныстырып, зияткерлік меншікті қорғау мәселесі төңірегінде кеңес берді.

Үміткер Салтанат Тұрсынбекованың үгіт-насихат тобы Алматыда жүр. Олар жергілікті зиялы қауым өкілдерімен және өнер адамдарымен кездесті. Оларға кандидаттың сайлауалды бағдарламасын түсіндірілді. Бұдан бөлек, зияткерлік меншік мәселесін талқыланды. Салтанат Тұрсынбекованың айтуынша, қазір ең тиімді нәтижені білім экономикасы береді. Олар: жаңа технологиялар мен ноу-хаулар.

Салтанат ТҰРСЫНБЕКОВА, ПРЕЗИДЕНТТІККЕ КАНДИДАТ:

Қазір Қазақстанда зияткерлік меншікті қорғау іс жүзінде жұмыс істемейді. Өкінішке орай бүгін біреудің еңбегін, меншігін иемденіп алу күнделікті құбылысқа айналып, үйреншікті болып бара жатыр. Өнер туындысын ұрлағаны үшін де жаза бар. Бірақ бұл заңды көбі біле бермейді. Себебі қоғам арасында ондай мәдениет қалыптаспаған.

А.Серік