Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Астанада «Sarap» эксперттік клубының отырысы өтті

AstanaTV
04.11.2022ж. 20:00
1672
Астанада «Sarap» эксперттік клубының отырысы өтті

«Sarap» эксперттік клубының кезекті отырысы, алдағы болатын саяси науқан мен реформаларды талқыға салды. Олар сондай-ақ Президенттің бастамаларын сапалы іске асыру бойынша өз пікірлерімен бөлісті.

Олжас БЕЙСЕНБАЕВ, САРАПШЫ:

Президент сайлауының өзектілігі бізде қазір саяси трансформация бойынша мемлекеттік институттарды жаңарту міндеті айтылып келе жатыр. Соның ішінде алдағы келе жатқан міндет ол Президент сайлауы. Келесі мәслихат парламент сайлауы өтеді. Және де аудандық әкімдерінің сайлауы өтеді. Сондықтан осы мәселелердің барлығы механизмдері оның іске асырылып жатқан тиімді-тиімсіз тұстары болатын болса әрине талқылау қажет.

Жиында президенттің кезектен тыс өтетін сайлауы, қазіргі үміткерлердің үгіт-насихат науқанының негізгі мән-мағынасы мен мазмұнын талқылады. Сондай-ақ сайлауға азаматтардың белсенді қатысуының маңыздылығы сөз болды.

Елдос ЖҰМАҒҰЛОВ, САРАПШЫ:

Сайлаудың жалпы, халыққа жаңалық ретінде болғанымен өзінің ерекшеліктері бар. Түсіп жатқан кандидаттардың енді үгіт-насихат жұмыстарын талқыламаймыз. Негізі сайлаудың қоғамда қалатын мәні туралы айтылады. Бұдан басқа күн тәртібінде саяси реформалар, ең негізгі конституциялық өзгерістер. Алдымызда қаншама заңға толықтырулар мен өзгерістер енгізіледі. Сол туралы да сарапшылар айтады.

Ә. Дүкембаева