$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қазақстандықтарды алдағы 3 күнде қандай ауа райы күтеді?

AstanaTV
04.11.2022ж. 20:00
1371
Қазақстандықтарды алдағы 3 күнде қандай ауа райы күтеді?

Қазақстандықтарды демалыс күндері қандай ауа райы күтеді? Алдағы тәуліктерде Атлантикалық циклон және онымен байланысты фронтальды учаскелер ел аумағында өз әсерін сақтайды деп хабарлайды Қазгидромет. Осыған байланысты тұрақсыз ауа райы әлі де сақталады, кей өңірлерде жауын-шашын болады. Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында қар түсуі мүмкін. 5-ші қарашада Солтүстік Қазақстан облысында, 6-шы қарашада Шығыс Қазақстан облысында, 7-8-ші қарашада республиканың оңтүстік облыстарында қатты жаңбыр, қар күтіледі. Республика бойынша тұман, көктайғақ, екпінді жел болуы ықтимал, солтүстікте бұрқасын болады. Дүйсенбі күні жауын-шашын тоқтайды деп болжайды.