Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Риддерде 22 мың тұрғын жылусыз отыр

AstanaTV
07.11.2022ж. 20:00
1013
Риддерде 22 мың тұрғын жылусыз отыр

Риддерде төтенше жағдай жарияланды. Жылу электр орталығында тағы да апат болды. Қаладағы 22 мың тұрғын жылусыз қалды. Мектептер мен балабақшалар жабылды. Арнайы бригада күндіз-түні жұмыс істеп жатыр. Бірақ бүгін бір ғана қазандық іске қосылды. Толығырақ әріптесім Әсел Дүкембаева тарқатады.

Бұл бірінші жағдай емес. Былтыр қыста да жылу электр орталығында апат болды. Жұрт қыста дірдектеп қалған.

Шаһардағы жылу электр орталығының жұмысы қалт-құлт етіп тұр. 1-ші қазандық істен шыққан. Мамандардың айтуынша, станция қызметкерлері төтенше жағдайды кеш байқаған.

Елжас ТАЛҚАНОВ, "РИДДЕР ЖЭО" АҚ БАС ИНЖЕНЕРІ:

"Үшінші қазандықты жағуға біз қазандықты түпкілікті қопсытып, жуғаннан кейін кірісе аламыз. Қазір онда екі бригада жұмыс істеп жатыр".

Жедел штаб құрылды. Облыстық прокуратура тексеруді бастады. Өскемен кәсіпорындарынан 60-қа жуық маман келді. 12 апаттық энергетикалық бригада жетті. 2 қазандық іске қосылды.

Даниал АХМЕТОВ, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

8 қарашаға қарай күннің соңына қарай жағдайды тұрақталады. Станцияға қатысты бар негізгі өзекті мәселелерді шешуді көздеп отырмыз.

Риддер қаласының тұрғындары жылу маусымы басталған 10 күннің ішінде 2 рет жылусыз қалған. Дегенмен жауаптылар қаланы 5-6 күннің ішінде жылумен толық қамтамасыз етеміз деп уәде етті.

Ә. Дүкембаева