Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Есту қабілетінен айырылған бойжеткен «құда балам» зорлады деп шағымданды

AstanaTV
07.11.2022ж. 20:00
2177
Есту қабілетінен айырылған бойжеткен «құда балам» зорлады деп шағымданды

Қызылордалық есту қабілетінен айырылған Ақжібек Оразхан өзін құдабаласы зорлады деп шағымданды. Айтуынша, күдікті оны түн жарымында есік алдынан күштеп алып кеткен. Таң ата әкеп тастапты. Қазір бойжеткен ауруханада жатыр. Туыстары күдікті жазадан құтылып кетеді ме деп алаңдап отыр.

Ақжібек ауруханада жатса да, тілшілерді шақырып жанайқайын жеткізді. Оқиға болған күні ол әжетханаға бару үшін сыртқа шыққан. Сол сәтте құдабаласы көлігіне күштеп отырғызып алыпты.

Ақжібек ОРАЗХАН, ЖӘБІРЛЕНУШІ:

Сок па бірдеңе берді маған. Іш, іш тағы іш деп айтты. Қорыққанымнан іштім мен. Басым айналып, жыладым, не істерімді білмей. Бір қарасам ұйықтап бара жатыр екенмін. Зорлады ма, бірдеңе істеді. Ұрды дит. Ертеңгісін азанда, үстіме қарасам киімім жоқ. Көп қан кетті, мен түсінбедім не болып жатыр, не боп кетті деп.

Ақжібектің анасы қызын түнімен табанынан тозып іздегендігін айтады. Құқық қорғау орындарына да арызданған. Ал таң атысымен қызы үйге өзі келген. Әбден үрейленіп, құр сүлдері қалған бойжеткен алғашында оқиғаны айтудан бас тартыпты. Кейін ғана мән-жайды жеткізген. Алайда күдікті дер кезінде қамалмады дейді жақындары. Сондықтан ол жазадан сытылып кетеді ма деп алаңдайды.

Ғалия ҮСЕНОВА, АҚЖІБЕКТІҢ АНАСЫ:

Врачтарға да, прокуратураның бәріне кірдім. Ешқандай жұмыс істеліп жатқан жоқ еш жерде. 6-ға 10 минут қалғанда қызымды әкеліп тастаған үйдің қасына келген машинаны гай неге ұстамайды.

Басынан өткізген ауыр жағдайдан кейін Ақжібектің денсаулығы күрт нашарлаған. Қазір ол ем алып жатыр.

Айдынбек БЕРКІНБЕКҰЛЫ, ҚАЛАЛЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНА ДӘРІГЕРІ:

Травмотология бөлімшесіне жабық бас ми жарақаты, бас ми шайқалуы диагнозымен келіп түсті. Түскен кездегі жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Бас айналу, бас ауру, әлсіздік. Бас айналып құлау шағымдары болды.

Мәселеге облыстық мүгедектер қоғамы да үн қатты. Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалған. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалған.

Рақымжан СҰЛТАНҚҰЛОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ТЕРГЕУ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Қылмыстық кодекстің 120-бабының 1-бөлігі, яғни еркінен тыс қылмыстық қатынас жасау дерегі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмысы басталды. Оқиғадан бірнеше күннен кейін ұсталуының себебі іс бойынша жинақталған дәлелдемелер мен сараптама қорытындыларымен негізделіп барып ұсталып тұр.

Күдіктінің бұрын құқық қорғау саласында жұмыс істегенін полиция басқармасындағылар растап отыр. Енді оның кінәсі дәлелденсе, 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

М. Тоқтасынқызы