$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қ.Әбден "Суицидпен күрес жөнінде ұлттық стратегиялық жоспар" әзірлеуді ұсынды

AstanaTV
07.11.2022ж. 20:00
2067
Қ.Әбден "Суицидпен күрес жөнінде ұлттық стратегиялық жоспар" әзірлеуді ұсынды

Президенттікке кандидат Қарақат Әбден Ұлытау облысы жұртшылығымен кездесуде «Суицидпен күрес жөнінде ұлттық стратегиялық жоспар» әзірлеуді ұсынды.

Соңғы төрт жылда елімізде 18 мыңға жуық адам өз-өзіне қол жұмсаса, 21 мыңнан астам адам суицид жасауға әрекет еткен. Қазақстан 20 елдің қатарында. Балалар мен жастар арасындағы суицид бойынша алғашқы үштікке кіреді. «Бұл нағыз дабыл қағатын мәселе. Көрсеткіш - бізден жүйелі жұмыс жүргізуді талап етеді. Сондықтан «Суицидпен күрес жөнінде ұлттық стратегиялық жоспар» әзірлеуді ұсынамын. Ол үшін арнайы ведомствоаралық комиссия құрылып, заңнамалық талаптарға сәйкес Парламенттік тыңдалымда аталған сұрақ көтерілуі тиіс», - деді Қарақат Әбден. Үміткердің сөзінше, балалар мен жастардың өз-өзіне қол жұмсауына әлеуметтік сұрақтар мен ұлттық, отбасылық құндылықтардың әлсіреуі себеп. Бастаманы жиынға қатысушылар қолдады.

Нұргүл ӘШІРОВА, ПСИХОЛОГ:

Бұл тақырып қазіргі таңда өте өзекті мәселе. Мен психолог ретінде осы тақырып бойынша айттым және басқа да мамандардың пікірлерімен бөлістік. Өзінің бағдарламасымен таныстырып өтті. Дөңгелек үстел еркін тақырыпта өтті.

Т. Әлжанов