Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Үйінде есірткі сақтап, мылтық ұстаған оралдық ұсталды

AstanaTV
08.11.2022ж. 20:00
1546
Үйінде есірткі сақтап, мылтық ұстаған оралдық ұсталды

Оралдық азамат өз үйінде есірткі сақтаған. Сондай-ақ, одан қару-жарақ табылды.

Енді оның екі мылтық пен оқ-дәріні үйінде не үшін сақтағаны анықталып жатыр. Есірткіге қарсы тексеру кезінде, тағы бір тұрғынның үйінен мұқият оралған 40 полиэтилен пакет табылыпты. Енді ол да есірткіні заңсыз сақтағаны үшін жауапқа тартылады. Полиция дерегінше, есірткі саудасына қатысты қылмыс жылдан жылға көбейе түсуде. Былтыр 136 қылмыс тіркелсе, биыл ол 151-ге жеткен.

Лунара АМАНҒАЛИЕВА, БҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Қазіргі уақытта осы факті бойынша ҚР ҚК 296-бабы 2-бөлігі бойынша (есірткі құралдарымен, прекурсорлармен заңсыз жұмыс істеу) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді.

Е. Карин