Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Түркістан облысында әлеуметтік нысандар мен жеке үйлердің ауласын су алды

AstanaTV
08.11.2022ж. 20:00
1540
Түркістан облысында әлеуметтік нысандар мен жеке үйлердің ауласын су алды

Түркістан облысында тоқтаусыз жауған жауын Төлеби ауданы Зағамбар ауылының тұрғындарын әбігерге түсіруде.

Төтенше жағдайлар департаментінің дерегінше, тау беткейіндегі Боз каналының суы арнасына сыймай, бір беткейі бұзылған. Қызыл су ауылға кірді. Бір мектеп пен балабақшаның және 25 үйдің ауласы суда қалды. Арнайы мамандар қазір аулаларды құрғату, арық-атыздарды кеңейту жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Ерік САРЫБАЕВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жалпы ТЖД-нен 22 жеке құрам, техника , 3 мотопомпа жұмылдырылса, жергілікті атқарушы органдардан 20 жеке құрам және алты техника жұмылдырылып, жалпы 500 құм қапты төсеу жұмыстары жүргізілді.

А. Төребекқызы