Қатты нөсерден бүлінген Ерейментау-Павлодар-Аршалы тас жолы әлі де ашылған жоқ. Бұл туралы арнамызға Ерейментау ауданы әкімінің орынбасары Алик Мәндіров телефон арқылы хабарлады. Сондай-ақ, басшы Өленті өзені арнасынан асып, үйлерді жаппай су басқан деген ақпарды жоққа шығарды.
Алик Мәндіров, Ерейментау ауданы әкімінің орынбасары:
17
үй деген ол дұрыс емес. Қораға, гаражға келді. Нақты сан жоқ қазір. Мен далада
жүрмін. - Ал жол ашылған жоқ па бүгін? -
Ашылған жоқ, Павлодарға. - Қанша шақырым жол бүлініпті, соны айтасыз ба? -
Айтпаймын!
Ал
төтенше жағдайлар қызметінің хабаралуынша, тас жолдың қазір Ерейментау-205-ші
шақырымында жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Онда 11 техника күші тартылған.
Аймақта төтенше топ құрылып, қанша үйдің ауласына су кіргені анықталмақ.
Айта
кетсек, Ақмола облысына қарасты Ерейментау ауданда соңғы 3 күн толассыз жауын
жауып, кесірінен Павлодар-Астана бағытындағы республикалық тас жол көпірмен
қоса бүлінген болатын. Төтенше жағдай комитеті Қарағанды арқылы қатынауға кеңес
беріп отыр. Сондай-ақ, аудандағы бірқатар ауыл мен Ерейментау қаласында үй
шатырларынан су өтіп, аулалар көлшікке айналған. Әзірге нақты саны жоқ. Әкімдік
арнайы комиссия құрып, шығынды есептеуге кіріскелі отыр.
Құралай ПИОНЕР