Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қостанай облысындағы жол-көлік апатынан қаза тапқан 6 адамның арасында Ресей азаматтары бар

AstanaTV
28.07.2016ж. 20:00
2287
Қостанай облысындағы жол-көлік апатынан қаза тапқан 6 адамның арасында Ресей азаматтары бар

Тобыл өңіріндегі ірі жол-көлік апатынан 6 адам қаза тапты. Олардың арасында 12 жастағы қыз бала бар. Тағы үш адамның Ресей азаматы екені белгілі болды. Автобус пен ауыр көліктің соқтығысуынан 31 адам зардап шеккен. Оның 11-і ауруханаға жедел жетікізіліпті. Қазір үшеуі жансақтау бөлімінде.

Юрий Моисеев, Қостанай облыстық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

Науқастардың қимыл-тірек аппараты зақымданған. Кейбіреуінің көзі көліктің сынған әйнегінен жарақат алған. Арасында механикалық зақым алғандары да бар. Құрсақ қуысы ауыр жарақаттанғандар да ауруханаға жатқызылды. Көбі басынан жарақат алған.

Есімді жисам жерде жатыр екенмін, маңайымдағылардың бәрі улап-шулап, жылап жатты. Менің аяғым мен басым  қатты ауырды. Басымды таңып болғанша медбикелер екі рет екпе салып, кейін зембілмен көтеріп алып кетті.

Полицейлердің алдын ала болжамы бойынша, Алматы-Екатеринбург тас жолымен Ресейге бағыт алған «Ивеко» жүк көлігінің алдыңғы дөңгелегі істен шыққан. Тізгінге ие бола алмаған 53 жастағы жүргізуші қарсы жолға шығып, жолаушылар тасымалдайтын «Челябі-Жітіқара» рейстік автобусымен соқтығысқан. Медициналық сараптама жасалып, 30 жылдан астам тәжірибесі бар қос жүргізушінің ішімдік пайдаланбағаны анықталып отыр. Жол апатының нақты себебін анықтау үшін бірқатар сараптамалар тағайындалған.

Құрмет Мәжікенов, Қостанай облыстық  ІІД жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары:

Жол оқиғасына байланысты транспорттық-трассологиялық сараптама жасалып жатыр. Қылмыстық кодекстің 345 бабы 4 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. 

Заңғар САНАЙ