Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Сафар Шәкеевтің мәйіті табылды

AstanaTV
28.07.2016ж. 20:00
2968
Сафар Шәкеевтің мәйіті табылды

Алматыда белгілі музыкант Еркеш Шәкеевтің ұлы табылды. 10 күннен бері із-түссіз кеткен Сафар Шәкеевтің денесін сүңгуірлер мен құтқарушылар Есентай өзенінің арнасынан алып шықты. Суда мәйітті көргенін қала тұрғыны хабарлаған. Дереу Темирязев көшесі пен Хамит Ерғалиев жағалауының қиылысы қоршауға алынып, марқұмның денесін сол маңнан тапты. 

Антон Мирошниченко, Алматы қаласының тұрғыны:

Мына көпірден кейінгі екінші иірімдегі іздестіру жұмыстары нәтижесін берді. Осы жерден адамның денсін алып шықты. Екі сүңгуір судың астына түсіп, оны ұзақ іздеді. Алып шыққан соң, бірден пакетке салып, арнайы көлікке салды. 

Табылған мәйіттің 25 жасар Сафар Шәкеев екенін полиция растады. Танымал композитор баласының қалтасынан әмияны мен жеке құжаттары табылған. Қазір Ішкі істер департаментінің мамандары оқиғаның мән-жайын анықтауға көшті.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ІІД ресми өкілі:

Ер азаматтың өлі денесі табылып, оның Сафар Шәкеев екеніне көзіміз жетті. Өйткені жеке заттарының арасынан құжаттары шықты. Мәйттің денесінде оның шалбары мен іш киімі ғана болды. Қазір өндіріс аясында тергеушілер сот-медициналық сараптама тағайындалды. Өлімнің себебі сол кезде ғана анықталатын болады.

Құтқарушылар марқұмның Есентай өзеніне құлап кетуі де мүмкін екенін айтады.  Сафар Шәкеев 16 шілде күні таңға жуық жоғалып кеткен болатын. Туыстары ол туралы хабар берген адамға 10 млн теңге сыйақы да тағайындаған еді. Еріктілер мен полицейлер іздеу жұмыстарын жүргізіп, тіпті тікұшақ та тартылған болатын.

Айта кетейік, сәуір айында Алматыда 23 жастағы студент Санжарбек Арзиев те жоғалып, төрт күн өткенде осы Есентай өзенінен табылған болатын. Алматыдағы Асфендияров атындағы Ұлттық медицина университетінің студенті өзенге құлап кетіп, суға тұншығып ажал құшқан еді.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ