Әскери оқу-жаттығу кезінде зардап шеккен Ангола әскерилерінің халі жақсарып келеді. Бүгін Қорғаныс министрі госпитальға барып, олардың хал-жағдайын білді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлайды. Зардап
шеккен 10 анголалық екені белгілі болды. Қазір оларға білікті медициналық көмек
көрсетіліп жатыр, - деді министрлік мамандары.
Еске салайық, Отарда төтенше
жағдай болған еді. Халықаралық әскери ойындарға дайындық кезінде қауіпсіздік
шараларының сақталмауынан миномет жарылып, анголалық команда мүшелері зардап
шеккен болатын. Сондықтан бүгін Иманғали Тасмағамбетов «Гвардейск»
полигонындағы дайындық пен сақтық шараларын бақылады.
Халықаралық әскери
ойындар екінші тамызда басталады. Алыс-жақын шетелдерден келген әскерилер өзара
ең мықтыны анықтамақ.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА