Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Павлодарда заңсыз салынған үйлер бұзылады

AstanaTV
09.11.2022ж. 20:00
1449
Павлодарда заңсыз салынған үйлер бұзылады

Павлодарда заңсыз салынған үйлер бұзылады. Шаһарда 30-ға жуық құрылыс- заңсыз. Мәселен, мына жерге әкімдіктен рұқсат алмастан, баспананың іргетасы қаланған. Дәл осы тұста су және кәріз құбырлары орналасқан. Сондықтан оның үстіне үй және басқа да нысандар салуға болмайды. Ал келесі бір көпқабатты тұрғын үйде рұқсатсыз құрылыс бастаған.

Жангелді ШАЛҒҰМБАЕВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Естай көшесі 102 мекен-жайдағы тұрғын үйді бұзу туралы сот шешімі шықты. Сот қарсы тараптың аппеляциялық шағымын өзгеріссіз қалдырды. Шешім 5 жұмыс күні ішінде заңды күшіне енеді. Содан кейін біз ғимаратты бұзу туралы кәсіпкерге талап қоямыз.

Былтыр қала тұрғындары шаһарда заңсыз құрылыстар көбейгенін айтып, арнамызға шағымданған болатын. Осыдан кейін құзырлы органдар тексеру жүргізді. Мамандардың айтуынша, оның басым көбі қаланың бас жоспарын өрескел бұзған. Салдарынан көшелер тарылып, көлік тұрақтарының саны 90 процентке қысқарған. Сол себепті тұрғындар көліктерін жол үстіне қойып кетуге мәжбүр. Ал жаңадан салынып жатқан этиталы үй аулаларында көлік және балалардың ойын алаңы жоқ. Иін тірескен құрылыста өрт қауіпсіздігі де сақталмаған.

Нұргүл ҚАЙЫРДЕНОВА, «ӘДІЛДІК ЖОЛЫ» ҚБ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Облыс орталығында 25 үй заңсыз салынуда. Бұл біздің қаламыздың бас жоспарына қарама-қайшы келіп отыр. Ертең бір өрт болса, тағы басқа да жағдайлар болса, өрт сөндірушілер кіре алмайды. Себебі, коэфиценттері нормадан асып кеткен. Ертең жазатайым оқиға болса, бұл үй құласа, кім жауапты болады?

Ө. Қуанар