Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Ж.Дайрабаев: Отандық өндірісті қолдау керек!

AstanaTV
09.11.2022ж. 20:00
789
Ж.Дайрабаев: Отандық өндірісті қолдау керек!

Президенттікке "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы атынан ұсынылған кандидат Жигули Дайрабаев пен оның жақтастары Астанадағы шағын кәсіпорындардың жұмысымен танысты.

Кандидат Жигули Дайрабаев Елордадағы тігін фабрикаларының біріне барды. Мұнда 4 шеберхана бар. Олар -трикотаж, шұлық, шеврон және әскери салаға қажетті заттар цехы. «Экономиканы дамыту үшін ұлттық компаниялар отандық өндірісті қолдауы керек»,-дейді кандидат.

Жигули ДАЙРАБАЕВ, ПРЕЗИДЕНТТІККЕ КАНДИДАТ:

Бұл кісілердің бәрімен сөйлестім. Айлықтарын білдім, қанағаттандырады. Көбі ауылдан шыққан кісілер. Әр өңірден келген. Ауылда жағдай болса, тұрмыстық мәселе шешіліп, инфрақұрылым болса әрине ауылға баруға болады. Астанаға күн көру үшін келдік, - дейді.

Р. Бақытжанқызы