Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Президенттікке кандидат Н.Әуесбаев елордалық сайлаушыларымен жүздесті

AstanaTV
09.11.2022ж. 20:00
980
Президенттікке кандидат Н.Әуесбаев елордалық сайлаушыларымен жүздесті

Президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев елордалық сайлаушыларымен жүздесті. 

Кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырып, негізгі бағыттары туралы толыққанды ақпарат берді. Жиында көпбалалы аналар оппозициялық партия өкіліне кейбір әлеуметтік мәселелердің шешілмей жатқанын айтты. Мәселен баспана базынасы, мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің нашарлығы, балабақша мен мектептің жетіспеушілігі бар. Ауыл шаруашылығының қазіргі жай-күйіне қатысты да сауалдар қойылды. 

Нұрлан ӘУЕСБАЕВ, ПРЕЗИДЕНТТІККЕ КАНДИДАТ:

Кездесу өте тартысты өтті. Әр алуан сұрақтар болды. Өте-мөте қиын сұрақтар, бірақ көкейімізде жүрген келелі мәселелерді көтерді. Көптеген аналар өздерінің жанайқайын айтып, шырылдап. Ол қойылған сұрақтардың бәрі өте орынды, дұрыс. Жалпы, өзіміздің кездесу барысында 56 іс-шара өткізуіміз керек тұғын енді өзіміздің жоспаралған. Соның басым бөлігін біз өткіздік, атқардық. 

 М. Қалиасқар