Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Белгілі сатирик Көпен Әмірбек өмірден озды

AstanaTV
09.11.2022ж. 20:00
2458
Белгілі сатирик Көпен Әмірбек өмірден озды

Белгілі сатирик, журналист, Қазақ радиосының ардагері Көпен Әмірбек 73 жасқа қараған шағында дүние салды. Көпен Әмірбек 1950 жылы 29 наурызда Түркістан облысының Отырар ауданына қарасты Ешкіқора елдімекенінде дүниеге келген. Сатирик көрерменге «Қымызхана», «Тамаша» ойынсауық отауының белсенді авторы ретінде, сондай-ақ өзі құрған «Көпен келе жатыр!...» атты сатиралық театрымен кеңінен танылды. «Аты жоқ кітап», «Алып», «Тілім қышып барады» секілді әзілсықақ, сын мақалалар жазып, халықтың ықыласына ие болған. Ол өзінің 73 жылында Президент гранты мен «Парасат» орденінің иегері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты атанды.