Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Ақмола облысы Бұланды ауданының 2 мыңнан астам тұрғыны келер жылы таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі

AstanaTV
09.11.2022ж. 20:00
1728
Ақмола облысы Бұланды ауданының 2 мыңнан астам тұрғыны келер жылы таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі

Ақмола облысы Бұланды ауданының 2 мыңға жуық тұрғыны келер жылы таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Қазір екі елдімекенге су құбыры жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында жүзеге асырылуда. Ал халық ішер суға қол жеткізетіндеріне қуанышты.

Бұл - Бұланды ауданының іргесіндегі Қараөзек ауылы. Елдімекенде 500-ге жуық түтін бар. Ұзақ жылдар бойы ішер суға жарымаған тұрғындар түйткілдің түйіні тарқатылғанына қуанышты.

Татьяна АБУЗОВА, ҚАРАӨЗЕК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мен үйге су берілетініне өте қуаныштымын. Мұндай бағдарламалар алдымен халық үшін қолайлы. Мысалы жұмыстан келгесін киімдерінді кір жуатын машинаға сала саласын. Ал өзін басқа тірліктерінді бітіре бересің.

Су құбырының жалпы ұзындығы -14 шақырым. Екі жылдық жобаға қазынадан 279 млн.теңге қарастырылған.

Нариман ТОҒАЕВ, ҚҰРЫЛЫС УЧАСКЕСІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Бүгінде жұмыстың 95 проценті орындалды. Ауыл ішіне су магистралі толығымен тартылды. Қазіргі таңда абонементтерге қосу жұмыстары жүргізілуде.

Никольск ауылында да осындай жұмыстар атқарылуда. Мамандардың айтуынша, мұндағы жұртшылыққа да келер жылы таза су беріледі.

Жұлдыз АХМЕТОВА, БҰЛАНДЫ АУДАНДЫҚ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Бұл жоба да 2 жылға жоспарланған. Таза ауыз сумен Никольск ауылындағы 1200 адамды қамту көзделген. Бүгінде ауыл ішіндегі құбыр тарту жұмыстары 50 пайызға аяқталды. Су құбырының жалпы ұзындығы -24 шақырым. Жоба құны - 494 млн.теңге.

Биыл облыс бойынша халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша 63 жоба жүзеге асырылуда. Оған республикалық және облыстық қазынадан 17 млрд.теңге бөлінген. бағытталыпты.