Қызылордалық полицейлер 10 тоннаға жуық сапасы жоғары марихуана шикі өнімінің таралу жолын кесті. «Қарасора» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында 21 мың түптен аса сора өсімдігінің көзі жойылды. Аймақта маусым мен қазан айының аралығында 121 есірткі қылмысы анықталған. Осыған қатысты 54 адам ұсталып, 16-сы қамалған. Оның ішінде есірткі сақтағандар, жарнамалағандар мен сатумен айналысқандар да бар. Ал басым көпшілігі шөпті алқаптарда өсірген. Кейбіреулер үй ауласында бау-бақша өнімімен бірге баптаған көрінеді. Сонымен қатар, өзге облыстарға тасымалдамақ болғандардың да арам ойы жүзеге аспады.
Мақсат БЕРКІНБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
Облыс көлемінде 7 бекет болды. Қызылорда облыстық департамент бастығының бұйрығына сәйкес. Бұл жерде 18 дерегі анықталып отыр. Басым бағыты Астана, Алматы, Атырау бағытына кетіп бара жатқандар құрықталған.
М. Тоқтасынқызы