$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ақтөбеде үлескерлер үш жылдан бері өз пәтерлеріне кіре алмай жүр

AstanaTV
10.11.2022ж. 20:00
1193
Ақтөбеде үлескерлер үш жылдан бері өз пәтерлеріне кіре алмай жүр

Ақтөбеде «Қайнар» тұрғын үй кешенінің үлескерлері үш жылдан бері өз пәтерлеріне кіре алмай жүр. Елуге жуық отбасы пәтер жалдап тұруға мәжбүр. Мердігер мекеменің құр уәдесіне әбден тойдық деген тұрғындар арнамыздан көмек сұрады.

Бұл әдемі тұрғын үй кешені 2020 жылы тапсырылуы тиіс болған. Сондықтан үлескерлер 2019 жылдың соңына дейін ақшаларын төлеп, пәтерлерін сатып алып қойыпты. Бірақ әлі күнге дейін өз баспаналарына кіре алмай отыр. Зәулім үй салынып болған, бірақ инженерлік желілер тартылмапты.

Ерболат МАРАТОВ, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Біз осы үйде тұрғындардың көпшілігі үйлерін сатып осы жаққа салған. Көбісі квартирада тұрады. Қазір төрт жыл болады бұлар әлі асықпайды.

Майра ЖАПАР, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Қыс болды уже деген. Канализация тазаланған жоқ. Қашан бізге су береді. Техпаспорт ладно. Бізге коммуникацияны бітіріп берсе екен. Квартирада жургендер кіруге талпынып отырмыз.

Тұрғындардың көпшілігі өз үйлерін сатып, осы жерден пәтерді 1 шаршы метрін 130 дан 150 теңге алған. Енді өздері туыстарын жағалап, кейбірі пәтер жалдап жүр.

Рамазан ЕСҚАЙЫРОВ, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Әкімшілікке бардық. Акиматпен сөйлестік. Прокуратураға жаздық. Олардың барлығының алдынан өттік. Уәдемен жүрміз әлі.

Мердігер мекеменің өз уәжі бар. Бұл тұрғындар пәтер сатып алғаннан бері құрылыс материалдары екі есе қымбаттап кеткен. Соған қарамастан, құрылысты аяқтап жатырмыз дейді.

Виктор МАСЛЕННИКОВ, ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ:

Қазір бұл тұрғын үй кешенінде подъездердің ішкі жұмыстары қалды. Бұл жұмыстарды 25 күннің ішінде бітіреміз. Барлық коммуникация үйге келіп тұр. Оны да ретке келтірдік. Тек құжаттарын реттеу керек. Әйтпесе барлығы дайын.

Мердігердің сөзіңе сенсек, 1 жарым айда барлық шаруа бітеді. Егер бәрі ойдағыдай болса, тұрғындар жаңа жылды өз пәтерлерінде қарсы алуы әбден мүмкін.

Б. Рақметова