Президенттікке кандидат Мейрам Қажыкен Жаңаөзен қаласына барды. Шаһардағы білім саласының қызметкерлерімен кездесіп, мұғалім мәртебесі туралы сөз етті.
Кандидат Мейрам Зекешұлы "Білім-инновация" лицей-интернатында қала мектептерінің мұғалімдермен кездесті. Кандидат сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, сұрақтарға жауап берді. Тараптар мұғалім мәртебесі, кәсіподақ міндеті, сыртқы саясат, экономика тақырыптарында пікір алмасты. Жиын соңында үміткерге мұнайшылар атынан каска табыс етілді. Айта кетейік, бұл осымен тоғызыншы сенім каскасы.
Мейрам ҚАЖЫКЕН, ПРЕЗИДЕНТТІККЕ КАНДИДАТ:
Көп мәселе. Оның бәрін түгел жазып алдым. Мен өзім педагог болғаннан кейін білемін, түсінемін. Кәсіподақ бар. Кәсіподақпен бірге жұмыс істеу керек. Жұмыс берушілер бірігу керек. Әлеуметтік әріптестік деген осы, міне. Екеуі бірігіп, ортаға мәселені қойып, талқылап, шешім қабылдаса кез келген мәселені шешуге болады.
А. Задабек