$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Рудныйда қайтыс болған егіз баланың ұшынғаны расталды

AstanaTV
11.11.2022ж. 20:00
1696
Рудныйда қайтыс болған егіз баланың ұшынғаны расталды

Рудныйдағы дүйім жұртты дүрліктірген егіз баланың жұмбақ өліміне қатысты сараптама нәтижесі шықты. 6 жастағы бүлдіршіндердің ұшынғаны расталды. Еске салайық, егіз бала қазанның он екісі күні жедел жәрдем көлігімен қалалық ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер «ұшыну» диагнозын қойған. Алайда анасы оны жоққа шығарған еді. Инфузиялық терапия жүргізіліп, түгел анализдері алынған соң егіз баланы анасы үйіне алып кетеді. Ақ халаттылар балалардың әлсіз екенін,бірнеше күн бақылауда болу керектігін ескерткен. Ал қала тұрғындары әлеуметтік желіде қайғылы жағдайға байланысты бірнеше аудио хабарлама жариялап, ағайынды балалардың кәмпит тектес есірткіден ұшынғанын айтты. Полиция тергеу аясында тағы бір сараптама тағайындалғанын хабарлады. Соның нәтижесіне сәйкес егіз баланың нақты неден ұшынғаны анықталмақ.