$460.43 €501.04 ₽6.65
×

Солтүстік Қазақстан облысында колонияда жазасын өтеп жатқан адам соққыға жығылып қайтыс болды

11 қараша 2022
2324
Солтүстік Қазақстан облысында колонияда жазасын өтеп жатқан адам соққыға жығылып қайтыс болды

Солтүстік Қазақстан облысындағы түрмеде сотталушы көз жұмды. Оны біреу ұрып өлтірген. Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Оқиға Айыртау ауданында орналасқан қатаң тәртіптегі түзету мекемесінде болған. Бір адам белгісіз затты қолына ұстап, екінші адамның басынан ұрып құлатады. Онан кейін де бірнеше рет соғады. Ал сол жерде тұрған колония қызметкері оларды айыруға тырыспайды. Сотталушыны ұрған адам сонан соң сыртқа шығып кетеді. Сол уақытта ғана күзетшілер қимылдай бастаған. Жәбір көрген 46 жастағы азамат аудандық ауруханада есін жимастан көз жұмды. Ал құзырлы органдар бұл оқиғаға қатысты толық ақпарат беруден бас тартып отыр.

СҚО ҚЫЛМЫСТЫҚ АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Бұл оқиға ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі «Адам өлтіру» бабы бойынша тіркелді. Күдікті Айыртау ауданы полиция бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

А. Құрманкин


orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах
Соңғы жаңалықтар