Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Қызылордада кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығынан шығып кеткен 2 оқушы екі күннен бері іздестіріліп жатыр

AstanaTV
11.11.2022ж. 20:00
2278
Қызылордада кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығынан шығып кеткен 2 оқушы екі күннен бері іздестіріліп жатыр

Қызылордадағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығынан екі оқушы жоғалып кетті. Полиция басқармасындағылардың мәліметінше, олар екі күннен бері табылар емес. Белгісіз бағытқа кеткен 14 және 16 жастағы қыздарды көрдім-білдім деген жан болмай тұр әзірге.

Ләззат АХМЕТОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ ПБ ЮВЕНАЛДЫ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМШЕСІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлерімен барлық жасөспірімдер баратын жерлер араланды. Осы қыздар бойынша Шымкент қаласына 3 қызметкер жіберілді. Барлығы 43 қызметкерлер сол бойынша жұмыс атқарып жатыр.

Оралда да 1 апта бұрын саңырауқұлақ теруге шыққан қария табылар емес. Жер-көкті шарлап шыққан полицейлер мен құтқарушылар енді Жайықты сүзіп жатыр. Іздеу жұмыстарына еріктілер де жұмылдырылған. Қала шетіндегі бейнебақылау камераларына қарияның кетіп бара жатқан сәті түсіп қалған. Енді іздеу жұмыстары осы бағыт бойынша жүргізіледі. Қазір бұл аумақ иісшіл иттер арқылы тексерілуде.

Юрий БРАСЛЕВИЧ, ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Әкемнің аяғы ауыратын, аздап сылтып басады. Қан қысымы да бар. Егер аяқ астынан халі нашарласа, суға құлап кетуі де мүмкін. Өйткені видеода су жағасымен кетіп бара жатқанын көрдік. Ертеңнен бастап жаңбыр жауады, содан кейін іздестіру қиындайды деп уайымдап отырмыз.

М. Тоқтасынқызы