Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Ж.Дайрабаев Семей қаласындағы май экстракциялық зауытына барды

AstanaTV
11.11.2022ж. 20:00
1195
Ж.Дайрабаев Семей қаласындағы май экстракциялық зауытына барды

Президенттікке «Ауыл» партиясы атынан ұсынылған кандидат Жигули Дайрабаев Семей қаласындағы май экстракциялық зауытына барды.

Кәсіпорындағы күнбағыс шикізатын өңдеу қуаты -тәулігіне 1000 тонна. Дайын өнім отандық нарықтан бөлек, ТМД елдеріне экспортталады. Қазіргі уақытта зауытта 400-ге жуық адам еңбек етеді. Зауыт басшысының айтуынша, өндірістік қуатқа шығу мүмкіндік болмай тұр. Оған Украинадан сатып алынған жабдықтарға сәйкестік сертификатының болмауы -себеп. «Еліміздің өсімдік майы өндірісінде әлемдік деңгейге көтерілуіне күмән жоқ. Ауыл шаруашылығы өндірушілеріне үлкен көлемдегі экспортқа шығуға мүмкіндік бар. Ол үшін мемлекеттің саясаты егістік алқабын әртараптандыруға және май дақылдарын өсіруді субсидиялауға бағытталуы тиіс»,–дейді Жигули Дайрабаев. Ал, зауыт ұжымы кандидаттың бастамаларын қолдап, іске асыруға жәрдемдесуге дайын екендіктерін жеткізді.

Серік БАЙҒАЛИЕВ, ӨҢІРЛІК ШТАБ БАСШЫСЫ:

Бірсыпыра тізім бойынша мекемелерге барып, жұмысшылармен және қарапайым адамдармен кездесіп жатырмыз. Бағдарламаны айтып түсіндіріп, бізде қандай мақсаттарымыз бар, соны жеткізіп келеміз. Осындай үгіт-насихат жұмыстарын істедік.

Р. Бақытжанқызы