Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Кандидат Қ.Әбденнің республикалық сайлауалды штабы атқарылған жұмыстарды қорытындылады

AstanaTV
11.11.2022ж. 20:00
847
Кандидат Қ.Әбденнің республикалық сайлауалды штабы атқарылған жұмыстарды қорытындылады

Кандидат Қарақат Әбденнің республикалық сайлауалды штабы атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Үміткер ұлттық құндылықтарды ұлықтауға басымдық беруде.

Кандидат үгіт-насихат жұмыстары басталғалы бүгінге дейін 8 облыстың 13 қаласы мен бірқатар елдімекен жұртшылығымен кездесіп үлгірді. Тұрғындар тарапынан түскен сауалдар зерделеніп, алдағы іс-шаралар пысықталды. Штаб өкілдеріне нақты тапсырмалар жүктелді. Ұлттық құндылықтарды ұлықтау, жастар тәрбиесі, отбасы институтын нығайту мен қоғамдағы бірқатар мәселе төңірегінде пікір алмасып, ой бөлісті. Жасөсіпірімдер арасындағы суицид және есірткімен күрес тақырыбы да шет қалған жоқ. Жалпы үгіт-насихат кезінде 40-қа жуық кездесу жоспарланған.

Арман АУСАҚОВ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШТАБЫНЫҢ ӨКІЛІ:

Кандидат енді өңтүстік өңірлерді аралауды жоспарлап отыр. Халықпен жүздесіп, бірқатар іс-шараларға қатысады. Республикалық штаб пен аймақтық штабтар кестеге сай жұмыс істеп жатыр.

Т. Әлжанов