Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Екібастұзда қардың үстіне асфальт төсеген

AstanaTV
14.11.2022ж. 20:00
1018
Екібастұзда қардың үстіне асфальт төсеген

Екібастұзда қардың үстіне асфальт салған. Оны жергілікті тұрғындар видеоға түсіріп алыпты. Бұл жағдай Энергетиктер көшесіндегі көпқабатты үйдің ауласында болған. Бейнежазбада жол жөндеушілердің ыстық асфальтты буын бұрқыратып, төсеп жатқаны анық көрінеді. Екібастұз әкімдігі мұны растады. Биыл қаладағы 24 ауланы абаттандыру жұмыстары жүргізілген. Бұл -соңғысы болды, дейді.

ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Энергетиктер көшесі 60 мекенжайы бойынша жұмыс жүргізу кезеңінде жауын-шашын болды. Содан кейін «ГрадСтройСервис» ЖШС мердігерлік ұйымының жұмысы уақытша тоқтатылды. Осы жұмыстарды жүргізу кезінде технологиялар бұзылған жоқ, бүгінгі күні барлық тиісті жұмыстар аяқталды.

Ө. Қуанар