Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Атырауда 10 мөлтекаудан жарықсыз қалды

AstanaTV
14.11.2022ж. 20:00
1552
Атырауда 10 мөлтекаудан жарықсыз қалды

Атырауда кейбір мектептер уақытша қашықтан оқуға көшті. 6 балабақша тәрбиеленушілерді қабылдаған жоқ. Аймақта қосалқы станциялардың бірінен өрт шығып, 10-ға жуық елдімекен мен ірі мөлтекаудан жарықсыз қалды.

Қала шетіндегі 10 мөлтекауданда тіршілік тоқтағандай. Салдарынан әлеуметтік нысандар жұмысы кідірді. 6 балабақша бүлдіршіндерді қабылдаған жоқ. Тағы 4 мектеп онлайн оқуға көшті. Ұстаздар хабар жетпей сабаққа келген оқушыларды телефонның жарығымен оқытқан.

Айман ҚУАНБАЕВА, №39 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Таңмен тұра сала, ватсаптарын қарамайды ғой. Сондықтан балаларды мектеп ауласына кіргізіп, сабаққа әкелген ата-аналар болды. Сынып жетекшісі балалардың бәрін қабылдап алып, келген балаларды осы жерде сыныптарға кіргізіп, сабақтың өтуіне мүмкіндік жасады. Телефонның жарығымен, фонарикпен сабақ өтті. Келген балаларға өтті.

Бұдан өзге 8 мыңнан астам түтін мен 700-ге жуық жеке кәсіпкерлік нысаны жарықсыз қалды. Электр энергиясы болмаған соң жылу қуаты азайып, интернет желісі де істен шықты. Жауаптылардың айтуынша, 18 қосалқы станцияда кабельді каналдан өрт шыққан. Бірақ неден екені әзірге белгісіз.

Мейірбек ҒҰБАШЕВ, «АТЫРАУ-ЖАРЫҚ» АҚ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

Өрт пайда болған жағдай кеше жаңбыр, неден деп айтқанымен, кабель канал бетоннан жасалған, өзім барып қарадым ашып. Ішінде су ештеңе жоқ. Бірақ оны қазір қарап жатырмыз. Неден пайда болғанын ол өрттің. Комиссия қазір сол жақта жүр.

Базаргүл НӘДІРҚЗЫ, ТІЛШІ:

Өрт болған станция басында 42 адам жұмыс жасап жатыр. 5 авариялық бригада да сол жерде. Кабельдерді кесіп, жаңадан жалғау жұмыстар жүріп жатыр. Мамандар бүгін жарықты қосуға уәде берді.

Б. Надірқызы