Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Ақмола облысында тоғыз жүзден астам адам жұмысқа орналасты

AstanaTV
14.11.2022ж. 20:00
1006
Ақмола облысында тоғыз жүзден астам адам жұмысқа орналасты

Ақмола облысының Целиноград ауданында жыл басынан бері тоғыз жүзден астам адам тұрақты және уақытша жұмысқа орналасты. Оларға жергілікті жұмыспен қамту орталығы септігін тигізді.

Еңбек нарығында жұмысты ғана емес, жұмысшылардың өздерін де іздейді. Жұмыспен қамту орталығы өкілдерінің айтуынша, бос орындарды мемлекеттік порталдан оңай табуға болады, ал үміткерлер өз қалауы бойынша жұмыс таңдай алады.

Айнұр МАЙМАҚОВА, ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Барлығы онлайнға ауысты. Белсенді жұмыс берушілер мен жұмыссыздар enbek.kz порталын пайдаланады.Онда сіз жұмыс іздеуші ретінде тіркеле аласыз. Жұмыс берушілер субсидияланатын жұмысқа сондай-ақ белсенді бос орындарға өтініш жібере алады.

Жұмыспен қамту орталығының жұмысы цифрландырудың арқасында едәуір жеңілдеді. Бұл орталық қызметкерлеріне ғана емес, өтініш берушілердің өздеріне де қолайлы.

Айнұр МАЙМАҚОВА, ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Жұмыс іздеуші ретінде тіркелу үшін өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы керек, барлығы онлайн болғандықтан, электронды сандық қолтаңба кілтімен ашуы керек. ТүсінбЕген адамға сол сәтте көмектесеміз.

Жұмыспен қамту орталығы жұмыс орындарын құруға бағытталған субсидиялармен көмектеседі. Мәселен биыл 75 кәсіпкер қажетті қаржы алды.

Зарина СӘУЛЕБАЕВА, КӘСІПКЕР:

2020 жылы «Атамекен» арқылы сертификат алып, былтыр сәтті қорғап, грантқа ие болдым. Ол кезде 583 500 теңге болатын. Кейін осы қаражатқа орындықтар, құрал-жабдықтар сатып алып, соның арқасында Ыбырай Алтынсарин ауылында салон және бір жылдан кейін бас қаламызда оқу орталығын аштым.

Орталықтың көмегімен биыл 1 қараша дейін өңірде тұрақты және уақытша жұмыс орындарына 945 адам, оның ішінде ұлттық жобалар шеңберінде 504 адам, бос жұмыс орындарына 267 адам орналасқан.

Қ. Мерей