Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Қызылорадада ерекше аялдама орнатылды

AstanaTV
14.11.2022ж. 20:00
804
Қызылорадада ерекше аялдама орнатылды

Қызылорадада ерекше үлгідегі аялдама орнатылды. Ескі өрт сөндіру көлігінен жасалған аялдаманы өрт сөндірушілер қойған. Бұл төтенше жағдай кезінде қаза тапқан әріптестерімізге деген құрметтің бір белгісі дейді олар. Қала тұрғындарының назарын аударған аялдама көптің ауызында жүр. Тіпті арнайы келіп суретке түсіп жатқандар да бар. Мұнда жолаушылар қоғамдық көлік күтіп қана қоймай қажетті ақпараттарды да оқи алады.

Нұрбол ИСАНОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ТЖД ӨРТ СӨНДІРУ ЖӘНЕ АВАРИЯЛЫҚ ҚҰТҚАРУ ҚЫЗМЕТІ ММ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жастарға құтқарушы мен өрт сөндіруші мамандығын қалай меңгеруге жәе М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясына оқуға қалай түсуге болатыны жөнінде мәліметтер жазылған. Автобус күтіп тұрған адам өрт болған жағдайда өзін қалай ұстау жөнінде мағлұмат алатын болады.

М. Тоқтасынқызы