Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Белсенді жастар 300 кубик-рубиктен Қазақстан туын құрастырды

AstanaTV
14.11.2022ж. 20:00
1210
Белсенді жастар 300 кубик-рубиктен Қазақстан туын құрастырды

Белсенді жастар 300 кубик-рубиктен Қазақстан туын құрастырды. Спидкубингтен әлімдік аренада еліміздің намысын қорғап жүрген бір топ жас Отанымыздың жалауын небәрі жарты сағаттың көлемінде жинады. Олар осы арқылы елін сүйетін ұрпақтың көбеюіне септігімізді тигіземіз – дейді. Ту елордадағы халық көп шоғырланатын сауда орталығына қойылды.

Әлихан ЕРТҰРСЫН, БЕЛСЕНДІ:

Бұл "Менің елім - менің туым" акциясы аясында өткізіліп жатыр. Жарты сағаттың ішінде жинап біттік. Осындай іс-шаралар жастардың бойындағы Отанға деген сүйіспеншілікті оятады. Өз елінің патриоты болуға тәрбиелейді.

А. Задабек