Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі арулар арасында сұлулық байқауы өтті

AstanaTV
14.11.2022ж. 20:00
1270
Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі арулар арасында сұлулық байқауы өтті

Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі арулар арасында «Көркемай» сұлулық байқауы өтті. Сайыста бойында сұлулығы мен өнері үндескен жеті қыз бақ сынады. Қатысушылардың бірі бірінен өтеді, бәрі өнерлі, бірі кесте тіксе, екіншісі тоқыма тоқиды. Тағы бірі қолдан түрлі ойыншықтар тігеді. Өлең жазады, поэзия оқиды, ән салады. Сұлулық байқауы бес турдан тұрды. Байқау жеңімпазы екі адамға Мысыр еліне саяхат ұтып алды.

Гүлфайра РАМАЗАНОВА, БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ:

Менің қолымнан келген нәрсе басқа да мүмкіндігі шектеулі жандардың қолынан келеді. Өйткені мен бұрын фото модель болдым. Кейін фотоға түсірдім мүмкіндігі шектеулі жандарды түрлі жобаларға«Жаспроджект» жобасына ,жалпы мен кестемен футболкаларға сүлгі, жастықтарға иммуновышивка, дизайн түсіремін.

Б. Рақметова