Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Алматыдағы Ұлттық сейсмикалық орталық жаңа қондырғыларға мұқтаж

AstanaTV
29.07.2016ж. 20:00
4235
Алматыдағы Ұлттық сейсмикалық орталық жаңа қондырғыларға мұқтаж

Алматыда сейсмо сақтықты күшейту керек. Дүлей зілзала күші Үндістан мен Непалдан Солтүстік Тянь-Шань аймағына жақындап келеді. Осылай деген Сейсмология институтының мамандары Алматы жойқын жер сілкінісіне дайын емес екенін мәлімдеді. Апат айтып келмейді, оның алдын алып, жедел әрекет ету жолдары қайсы? Айгүл Ермахан жауап іздеп көрді.

Жойқын зілзала алдында түрлі табиғи құбылыстар байқалады. Мамандар соған қарап қауіп күшін болжай алады. Қазір күннің шағылысуы жоғары. Оған қоса, таулы аймақтардағы жер сілкінісі ошақтарының қарқынды көшуі байқалады. Осылай деген сейсмологтар мегаполиске төнген қауіптің күшейгенін айтады. Бірақ қай күні, қанша баллды құрауы мүмкін? Мұны болжау қиын. Мамандар апаттан аман қалудың бірнеше жолын ұсынады.

Таңатқан Абақанов, «Ұлттық сейсмологиялық қадағалау және зерттеу орталығы» АҚ директоры:

Осы маңдағы сейсмикалық станциялар ескірген. 25 жылдан бері жүйе өзгертілмеген. Соны жаңартып, ақпаратты дәлме-дәл алуға тиістіміз. Ол үшін көмек керек. Қаланы сақтаймыз, ал қала осыған көмектесуге тиісті емес пе?  Екіншіден, халықпен дайындық жасау керек.

Айгүл Ермахан, тілші:

Сейсмолог зілзала кезінде үстел астына тығылып, аман қаламыз дегеннің бос әурешілік екенін айтады. Адамдарды апаттан сақтаудың тиімді жолы - сейсмо-жаттығу орталықтарын ашып, сонда дайындау қажет. Мысалы, қолдан қуаты 6,7,8 баллдық жер дүмпулерін туғызып, қиранды үйіндінің астында қалмаудың тәсілдерін үйретуге тиістіміз. Сонда адам шығыны болмайды дейді. Мұндай әдіс жиі жер сілкінетін Жапонияда қолға алынған. Бүгінде нәтижесін беріп отыр.

Бұдан бөлек, 50 миллион долларға екі полигон салуды ұсынған болатын. Қос сынақ алаңында 6 баллдық дүмпуді қолдан жасап, жақындаған жойқын жер сілкінісінің күшін азайту көзделген. Алайда маңызда жоба қолдау таппай отыр. Ал айтып келмейтін апат аяқасты бола қалса, ғимараттардың да шыдас бермейтіні тағы бар.

Рахман Алшанов, Алматы қалалық  қоғамдық кеңесінің төрағасы:

Жапонияда үйлерді қарасаңыздар, 20 қабатты, 40-50 қабатты үйлер  сәл теңселеді де, қайтып орнына келеді. Үйдің төбесінің басына қойған приборлар бар. Сондай жасау керек. Кеше, өкінішке орай, Алатау ауданында үй қисайып қалды сәл. Жер сілкінсе не болады дегендей.

Ал зілзалаға қарсы шаралардың жуық арада шешілетініне халық сеніңкіремейді. Сондықтан көбі басқа түскенді көппен көрермізге салған.

Ақпарат жоқ - өйтіңдер-бүйтіңдер деген сияқты. Бірақ шетелдік ақпаратқа сүйенеміз. Бұрышқа тұру керек деген сияқты, сондай аз-маз білеміз. Бола қалған жағдайда, Алматы қаласының тұрғындары толыққанды сақтана алады деп айта алмаймын.

Қазір  сілкініп кетсе де, ешкім ескертпейді. Сондықтан әр адам өзі білу керек.

Қазіргі мынау қанша 40 этажды, 20 этажды үй салынады. Сапасын тексеру мәселесі қиын. Ол тек құрылысшылардың өзіне сену ғана болады, сөздеріне қатырдық деген.

Бұл мәселе бойынша 20 тамызда қоғамдық кеңес тыңдау өткізеді. Онда қаладағы ғимараттардың қауіпке төзімділігі мен апатты алдын-алудың жолдары қарастырылады. Ұсыныстар мен оған қажетті қаражаттың көлемі жергілікті билік пен Үкіметке жіберіледі. 

Айгүл ЕРМАХАН