Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Алматыда бір тәулікте 136 жол-көлік оқиғасы тіркелді

AstanaTV
17.11.2022ж. 20:00
1204
Алматыда бір тәулікте 136 жол-көлік оқиғасы тіркелді

Алматыда бір күнде 136 жол апаты болды. Абырой болғанда, адам аман. Бірақ, 21 адам ауруханаға жеткізілген. Мегаполисте түнімен қар жауды. Осыған байланысты көшелерде қозғалыс қиындаған. Қар тазалауға 400-ден астам техника жұмылдырылды. Қаладан 520 текше метр қар шығарылды. Полиция қызметкерлері көлік жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ қ. ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Бүгінгі таңда жол патрульдік полиция және арнайы мамандандырылған батальон қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыстарын атқарып жатыр. Кептелістер орын алған жағдайда, әсіресе, кешкі және таңғы уақытта олар жол қозғалысын қолымен реттеп, жүзеге асырады.

Александр СЕРГЕЕВ, АЛМАТЫ қ. КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АБАТТАНДЫРУ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Қазгиромет уақытында хабарлаған соң, біз ауа-райының күрт нашарлауына дайын болдық. Қар жауып бастаған сәттен-ақ 126 құмсепкіш қалада көктайғақ құбылыстарының алдын алу жұмыстарын атқарды. Қазір автокөліктердің қауіпсіз және кедергісіз жүріп өтуіне жағдай жасалған.

М. Жақан