Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

«Мен жүгіріп шығып бардым, бала ол кезде тірі болатын» - Алматы облысында 12 жастағы баланы көлік қағып кетті

AstanaTV
17.11.2022ж. 20:00
1375
«Мен жүгіріп шығып бардым, бала ол кезде тірі болатын» - Алматы облысында 12 жастағы баланы көлік қағып кетті

Алматы облысында жаяу жүргіншілерге арналған жолдан өтіп бара жатқан 12 жасар баланы көлік қағып кетті. Ауыр жарақаттанған жасөспірім сол жерде көз жұмды. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, биыл кәмелет жасқа толмаған 215 бала күре жолда жан тапсырған. 3200-і жарақат алған. Дабыл қағарлық статистика! Қайғылы жағдайға жол бермес үшін не істеу керек? Жүгенсіз жүргізушіні қайтеміз?

Жеңіл автокөліктің жүргізушісі - 34 жастағы әйел. Ол жаяу жүргіншілер жолағын кесіп өтіп бара жатқан 12-дегі жасөспірімді қағып кетті. Куәгерлер дереу жедел жәрдем шақырған. Алайда, ауыр жарақаттанған бала сол жерде көз жұмды. Ал жүргізуші қамауға алынды.

Ләззат ЖАМАЛШИЕВА, КУӘГЕР:

Мен жүгіріп шығып бардым, бала ол кезде тірі болатын. Жедел жәрдем келгенше баланың сыз, батпақты жерде жатқаннан кейін аяқ-қолын орап, балаға қарап тұрдым. Қатты қан кетіп, баланың қолы көтеріліп, судорога берді. Скорый келіп, фельдшер тексерді де, «бала дүние салды»,- деп айтты.

Барлық жүргізуші «жолда байқап жүру» керек екенін жақсы біледі. Бірақ, біле тұра, жол жүру ережесін бұзып, жылдамдықты асырады. Мәселен, осы аумақ та- қауіпті. Мектептің жаны. Мұнда жолақ арнайы белгінің болғанымен жүйіткіген жүргізушілердің тоқтай қоюы екіталай. Сондықтан, жол бойында жүрген ойын баласының опат болуы оп-оңай.

Жыл сайын шамамен 13 мың жол көлік оқиғасы болады. 2 мыңнан астам адам қаза табады. Әсіресе, балалар жиі зардап шегеді. Биыл 10 айда 215 бала жол апатынан көз жұмды. «Жол белгісі мен арнайы жолақ, бағдаршам орнату ісі өңірлерде дұрыс жүргізілмейді» дейді ішкі істер министрі.

Марат АХМЕТЖАНОВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ:

Республика бойынша қажеттілігі 2 млн метр. Оларды орнату жұмыстары Алматы, Жетісу облыстары және Шымкент қаласында нашар жүргізіліп жатыр. Жалпы ел бойынша қиылыстарда 1200 бағдаршам, 1600 керек санақ таблосы, 25 мың жол бергісі, 1 млн км-ге жол таңбасын ортату қажет.

Биыл 20 мың жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды. Оның 16 мыңы әкімшілік қамауға алынса, қалғаны айыппұл арқалалаған. Алайда жүгенсіз жүргізушілерге бұл да тосқауыл болмай тұр.

КӘМЕЛЕТ ЖАСҚА ТОЛМАҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН БОЛҒАН ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫ:

2019 жылы:

жол апаты - 3539

жарақат алды – 4076

қаза тапты - 245

2020 жылы:

жол апаты -2668

жарақат алды – 2956

 қаза тапты – 184

2021 жылы:

 жол апаты – 2856

 жарақат алды - 3237

 қаза тапты - 197

2022 жылдың 10 айында:

жарақат алды - 3257

қаза тапты - 215

Р. Бақытжанқызы