Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Ақтөбеде мектеп оқушысы А.Байтұрсыновтың 40 мысалынан комикс жасады

AstanaTV
17.11.2022ж. 20:00
2900
Ақтөбеде мектеп оқушысы А.Байтұрсыновтың 40 мысалынан комикс жасады

Ақтөбелік оқушылар еліміздің ақын жазушыларын насихаттаудың жаңа жолын тапты. Назарбаев зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы Нұршат Жұбаныш Ахмет Байтұрсыновтың 40 мысалдарына комикс жасады. Ал тағы екі оқушы барлық еліміздің ақын жазушыларына қатысты толық ақпарат алуға болатын арнайы қосымша ойлап тапқан.

Ақтөбелік Нұршат Жұбаныш Ахмет Байтұрсыновтың «40 мысал» жинағына жаңа дем берді. Әзірге бұл комиксте жазушының тек жеті шығармасы бар. Ал болашақта қырық мысалдың барлығын комикске көшірудіоспарлап отыр.

Нұршат ЖҰБАНЫШ, 10-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ:

Биыл Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығы. Сондықтан біз оның мысалдарын интерплитациялау арқылы Қазақ әдебиетін өзіміз секілді жасөспірімдердің арасында дамытып, оқуға ынтасын туғызғымыз келді. Сонымен қатар қазір комикстер өте жақсы дамып келе жатқан кітап түрі.Жасөспірімдер көп оқиды.

Комикс арқылы кітап оқуға қызығушылық туғызу керек деген ойды Нұршат жетекшісіне айтқан. Расымен де, жастар кітап түріндегі және электронды нұсқадағы комикстерді ерекше ықыласпен қабылдады.

Рабиға ТОЛҒАНАҚОВА, ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ:

Қазіргі жастардың ерекшелігі көп көлемді жазулы кітаптарды оқуға қызықпайды. Себебі бұл заманға келе жатқан өзінің ерекшелігі олардың зейіні тұрақсыздау. Тез жалығып кетеді. Сондықтан сурет, комикс арқылы қызықтыру өзекті деп ойлаймын.

Ал Айшат Темірбаева мен Асқар Иван жаңа қосымша ойлап тапқан. Смарт гейм қосымшасынан қазақтың бүкіл ақын-жазушылары туралы ақпарат алуға болады. Әрі қарай сұрақтарға жауап беріп, ойынға да көшу мүмкіндігі бар.

Айшат ТЕМІРБАЕВА, 11-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ:

Негізгі мақсат қазақ даласында туылған не бір ұлы тұлғаларды тарихи тұлғалар туралы жинақ жасау. Яғни, әдебиетті ойып орын алатын тұлғалардың өмірімен шығармашылығымен жақынырақ таныстыру мақсатында жасалған болатын.

Болашақта қосымшаны барлық ұялы телефондарға жүктеуге болады. Дарында жастар бұл жобаларды әрі қарай жетілдіре түспек.

Б. Рахметова