Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Президенттікке кандидат Қ.Тоқаевты қолдау жөніндегі РҚШ 20 мыңнан астам іс-шара өткізді

AstanaTV
17.11.2022ж. 20:00
1078
Президенттікке кандидат Қ.Тоқаевты қолдау жөніндегі РҚШ 20 мыңнан астам іс-шара өткізді

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штаб мүшелері Алматы қаласына барды.

Штаб мүшелері саясаттанушылармен және сарапшылармен сайлауалды бағдарламаның саяси өзгерістерге, мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға және азаматтардың құқықтарын қорғауға арналған бөлімін талқылады. Одан соң, шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесу өткізіп, кандидаттың кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі бастамалары туралы айтып берді. Жиыннан соң, штаб мүшелері зиялы қауыммен жүздесті. Бас қосуда тарихи мұраны сақтау, мәдениетті қолдау және отандық өнерді дамыту мәселелері талқыланды. Республикалық қоғамдық штаб мүшелері үгіт-насихат науқаны бастағаннан бері еліміздің барлық өңірінде 20 мыңнан астам үгіт-насихат іс-шарасын өткізген.

Б. Сатуов