$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«Сайлау -2022.Саяси сын-қатерлерге жауап»

AstanaTV
17.11.2022ж. 20:00
1248
«Сайлау -2022.Саяси сын-қатерлерге жауап»

Әлемде геосаяси ахуал мың құбылған кезеңде мемлекеттің саяси ұстанымы айқын болуы тиіс. «Sarap» эксперттік клубының өкілдері осылай мәлімдеді. Саясаттанушылар бұған дейін Алматы, Қостанай, Қарағанды облыстарында болып, жергілікті халықты толғандырған мәселелерге құлақ түріп, мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысынан хабардар болған. Елдегі саяси реформалар туралы талдамалық жұмыс жүргізген «Sarap»-шылар әр аймақ бойынша ұсыныстар жинайды. Кейін түйткілді мәселелерді шешу механизмдерін талқыға салады. Бұл жолғы басқосуға «Сайлау 2022. Саяси сын-қатерлерге жауап» тақырыбы арқау болды.

Бауыржан СЕРІКБАЕВ, ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ИНСТИТУТЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:

Қазақстан тәуелсіздік жылдарының басынан бері қарай екі тарапты диалогқа шақырушы, яғни, бейбітсүйгіш позицияны ұстанып келе жатыр. Ол - біздің көпвекторлы саясатымыздың бір бағыты, яғни, Қазақстан осы барлық мемлекеттердің территориялық тұтастығын сақтай отырып, ішкі бірлікті сақтауға негіз қояды.

Е. Карин