Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Қызылордалық полицей әйелін соққыға жықты

AstanaTV
18.11.2022ж. 20:00
1789
Қызылордалық полицей әйелін соққыға жықты

"Полцей болып жұмыс істейтін күйеубала қызымды аямай соққыға жықты" дейді қызылордалық Назым Жаңабергенқызы. Қазір қызы Аруна ауруханада жатыр. Анасының сөзінше, күйеуінен зәбір көрген келіншек көпқабатты үйдің үшінші қабаттынан секірген.

Назымның айтуынша, қызы Аруна былтыр күйеуінен заңды түрде ажырасқан. «Себебі жиі жанжалдасып, күйеубалам қызыма қол көтеретін» дейді. Алайда, «жаздым жаңылдым» деп келген соң екеуі кейін қайта қосылыпты. Оның соңы сұмдық оқиғамен аяқталып отыр.

Назым ЖАҢАБЕРГЕНҚЫЗЫ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Банкімен басымнан ұра берді деді. Басымнан ұра берді, ұра берді. Одан қалды қылқындырды деді. Қолына түскен затпен ұра берген ғой. Сол терезеге барып жаңағыдай жағдай болып тұрған енді. Оны итеріп жібергенін, өзі секіргенін ешкім білмейді. Талап етемін заңды түрде жазасын алсын.

Дәрігерлер келіншектің ауруханаға өте ауыр жағдайда түскенін айтады. Бірнеше рет күрделі операция жасалған. Жүру мүмкіндігі аз дейді.

Шынжырбай ОРАЗМАХАНҰЛЫ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАСЫНЫҢ ДӘРІГЕРІ:

Сана түзу. Екі аяғы істемейді және жамбас, қол оргондары жұмыс істемейді. Ол жұлын зақымдануына байланысты. Ол жұлын қайтадан тігілмейді езіліп кеткен.

Полиция департаментіндегілер Арунаның күйеуі ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасында жұмыс ІСТЕГЕНІН растады. Бүгін "майор күйеубала" қызметінен босатылған.

Мейрамбек АБДУЛЛАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ПД ӨЗІНДІК ҚАУІПСІЗДІК БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ТЕРГЕУШІСІ:

Аталған дерекке байланысты ҚР ҚК 105 бабымен қылмыстық іс тіркеліп, Қызылорда облыстық ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен сотқа дейінгі тергеп тексеру әрекеті жүргізілуде. Оқиғаның мән жайы анықталуда. Барлық тиіст сараптамалар тағайындалды.

Келіншектің туыстары тергеу шараларының әділ жүруін талап етуде. Аяғы ауыр Арунаға зәбір көрсеткен адам қатаң жазаға лайық дейді.

М. Тоқтасынқызы