Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Елордада Қасым-Жомарт Тоқаев жақтастарының форумы өтті

AstanaTV
18.11.2022ж. 20:00
1058
Елордада Қасым-Жомарт Тоқаев жақтастарының форумы өтті

Елордада Қасым-Жомарт Тоқаев жақтастарының форумы өтті.Оған кандидаттың 2,5 мыңға жуық сенімді өкілі қатысты. Олар – «AMANAT», «Ақ жол», Қазақстан Халық партиясы сынды саяси партиялардың және Халықтық коалицияға кірген 30-дан астам республикалық қоғамдық бірлестік мүшелері.

Жақтастар форумы – кандидаттың сайлауалды науқанындағы соңғы іс-шара. Қасым-Жомарт Тоқаев форумда сөйлеген сөзінде қолдау білдірген баршаға ризашылығын білдірді.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ КАНДИДАТ:

Мен қоғамда өзара жауапкершілік сезімі болу керек деп үнемі айтамын. Бұл жүргізіліп жатқан ауқымды жұмыстың басты мақсатының бірі. Қазақстан халқы жұдырықтай жұмылса, алынбас қамал, алынбас белес болмайды.Сонда ғана отаншылдық рухы нығаяды. Патриотизм асқақтайды.

Жалпы, үгіт-насихат науқаны кезінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары 42 қала мен 5000-нан астам ауылды аралады. Олар өткізген 24 мың үгіт-насихат іс-шарасына 3 миллионға жуық сайлаушы қатысты. Кездесулер барысында азаматтардан 40 мыңнан астам ұсыныс пен тілек жиналды.

Б. Сатуов