Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

М. Қажыкен Түркістан қаласында үгіт-насихат науқанын аяқтады

AstanaTV
18.11.2022ж. 20:00
1000
М. Қажыкен Түркістан қаласында үгіт-насихат науқанын аяқтады

Мейрам Қажыкен Түркістан қаласында үгіт-насихат науқанын аяқтады. Кандидат бір айда 14 облысты аралаған. Сайлауалды бағдарламасындағы бастамаларды жіті таныстырып, оның маңыздылығын айтты.

Түрлі сала мамандарымен пікірлесті. Кәсіподақ өкілдері, мұғалімдер, медицина қызметкерлері, кеншілер, мұнайшылар және жастарды қоса алғанда 50-ге жуық кездесу өтті. Әр сайлаушының мәселесіне назар аударып, әр сұраққа жан-жақты, толыққанды жауап берді. Кандидатты қолдау мақсатында 14 штаб, 140-тан астам сенімді өкіл мен волонтер жұмыс істеді.

Мейрам ҚАЖЫКЕН, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ КАНДИДАТ:

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің іргесінде ата бабаларымыз жерленген. Олар билеріміз, хандарымыз, батырларымыз. Түркістан қаласы тек қана Қазақстанды ғана емес, бүкіл түрік әлемін біріктіретін алтын қазық деп айтамыз. Туған жерімде бастаған, Ұлытауда жалғастырған үгіт насихатын Түркістанда аяқтайын деп отырмын.

А. Задабек