Президенттіке кандидат Жигули Дайрабаев пен оның сенімді өкілдері 1 ай ішінде 2 жарым мыңнан астам іс-шара өткізді. Сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Халық көтерген әрбір мәселенің өзектілігіне, маңыздылығына тоқталды.
Жигули Дайрабаев бастаған үгіт-насихат тобы мен штаб сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын қорытындылады. Науқан уақытында 222 штаб жұмыс істеген. Еліміз бойынша 88 қала мен 166 ауылдық жерде 2 жарым мыңнан астам шара өткен. БАҚ-та 3 мыңнан астам материал жарияланған.
Жигули ДАЙРАБАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ КАНДИДАТ:
Өздеріңізге мәлім, бүгін түнгі сағат 12-ден кейін тыныштық күні. Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары тоқталады. Осы уақытқа дейін біз барлық аймақты аралап, халық шаруашылығында қызмет істейтін барлық сайлаушымен кездестік.
Партияның мұрындық болуымен елордада «Ауылым-әнім» фестивалі ұйымдастырылды. Шарада дәстүрлі әншілер мен эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Айта кетейік, 20 қарашада партия өкілдері 6 мыңнан астам сайлау учаскесінде байқаушы болады.
Р. Бақытжанқызы