Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Оппозициялық партиядан президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев та үгіт-насихат жұмыстарын аяқтады

AstanaTV
18.11.2022ж. 20:00
1218
Оппозициялық партиядан президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев та үгіт-насихат жұмыстарын аяқтады

Оппозициялық партиядан президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев та үгіт-насихат жұмыстарын аяқтады. Еліміздің барлық өңірін аралаған үміткер түрлі мәселеге қанықты. Әсіресе, әлеуметтік-экономикалық салаға басымдық берді. Сайлаушылардан жиналған сауалдар мен ұсыныстарды назардан тыс қалдырмады. Барлығына жауап берді.

Нұрлан Әуесбаев өзін ұсынған “Жалпыұлттық социал-демократиялық” партиясы науқанның қорытынды жиынын өткізіп, сайлауалды бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалды. Оған өңірлік штаб өкілдері де атсалысты. Тұғырнама аясында 60-қа жуық іс-шараның барлығы орындалды. Үміткер мен жақтастары елдің 8 өңірін аралап шықты. Кездесулер кезінде ауыл шаруашылығы, әлеуметтік-экономикалық, инфрақұрылымдық, өзге де мәселелер көтерілгені туралы айтылды.

Нұрлан ӘУЕСБАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ КАНДИДАТ:

Жиырма филиал бар бізде: үш қала яғни мегаполисте және 17 облыста. Сол жердегі менің барлық әріптестеріме, басшыларынан бастап бүкіл соған ат салысқан барлықтарына үлкен рақметімді айтқым келеді. Және де агитациялық жұмыстарды жүргізген журналистерге, біздің жұмысымызды жүргізген барлық азаматқа алғыс айтқым келеді.

Қ. Мерей