Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Елімізде 10 мыңнан астам сайлау учаскесі жұмыс істеуде

AstanaTV
20.11.2022ж. 08:00
1657
Елімізде 10 мыңнан астам сайлау учаскесі жұмыс істеуде

Орталық сайлау комиссиясының дерегінше, бүгін ел аумағында 10 мыңнан аса сайлау учаскесі таңғы сағат 7-ден бастап жұмыс істеуде. Ал Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы 86 сайлау учаскесі саяси науқанға бір сағат ерте кірісті. Аумақтық комиссиялардың шешімдерімен таңғы сағат 06.00-де бастады.

Елімізде 11 950 485 азаматтың дауыс беруге құқығы бар. Шетелдегі отандастарымыз да мемлекет үшін маңызды шарадан қалыс қалмайды. Әлемнің 53 елінде 68 сайлау учаскесі ашылды. Орталық сайлау комиссиясы сайлауда дауыс беруге арналған бюллетенінің мәтінін бекітті.

Жаңадан құрылған 3 облыста дауыс беру басталып кетті. Абай облысында 475 сайлау учаскесі жұмыс істеуде. Сайлау учаскелерінде сурдоаудармашылар қызмет көрсетуде. Брайль кестесі бар трафареттер және нашар көретіндерге арналған үлкейткіш лупалар ұсынылған. Ал Жетісу облысында 447 сайлау учаскесі орналасқан. Өңірде 445 мыңнан аса сайлаушы бар. Ұлытауда 136 сайлау учаскесі бар. 140 мыңнан астам сайлаушы өз таңдайын жасай алады.

Ә. Дүкембаева