Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Кезектен тыс Президент сайлауына 6 кандидат қатысуда

AstanaTV
20.11.2022ж. 08:00
1053
Кезектен тыс Президент сайлауына 6 кандидат қатысуда

Кезектен тыс Президент сайлауына 6 кандидат қатысуда. Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын халықтық коалиция ұсынды. Мейрам Қажыкенді «Аманат» Қазақстанның кәсіподақтар ынтымақтастығы» республикалық кәсіподақтар бірлестігі саяси науқанға қосса, «Кәсіби әлеуметтік жұмыскерлер ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігі кезектен тыс президент сайлауына Қарақат Әбденді ұсынды. Ал «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы атынан «Қазақстан Фермерлер Одағы» қауымдастығының президенті Жигули Дайрабаев түсуде. Саяси науқаннан «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» да шет қалмады. Олар президенттікке үміткер ретінде Нұрлан Әуесбаевты ұсынды. «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі саяси науқанға Салтанат Тұрсынбекованы қосты.

Б. Сатуов