$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Перзентханадағы аналар дауыс берді

AstanaTV
20.11.2022ж. 08:00
2112
Перзентханадағы аналар дауыс берді

Елордада жаңа босанған әйелдер де Президент сайлауынан қалыс қалмай, дауыс беруде. № 1-перинаталды орталықтағы № 208 жабық сайлау учаскесінде 418 адам тіркелген. Әріптесім Аружан Задабек дәл қазір сол жерден тікелей байланысқа шықпақ. А

Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:

Қайырлы таң, Әмина! Бүгінгі күн керемет жаңалықтармен басталды. Президент сайлауы қарсаңында Астанада 20 бала жарық дүние есігін ашты. Бас қалада 3 перинаталды орталық бар. Олардың барлығында сайлау учаскесі құрылған. Дәл қазір біз тұрған перзентханада да сайлау науқаны қызу өтіп жатыр. Аяғы ауыр және жаңа босанған әйелдер мен қызметкерлер жарқын болашақ үшін өз таңдауларын жасауда. Солардың бірі – Сәлима ханым. Сәлима ханым, тағы да қайырлы таң! Көңіл-күйіңіз қалай?

Сәлима САХБАЙҚЫЗЫ, АСТАНА қ. КӨПБЕЙІНДІ №1 АУРУХАНАНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Қайырлы таң! Өте жақсы. Көтеріңкі көңіл-күйдеміз бүгін. Өз Конституциялық құқығымызды пайдалана отырып, бүгінгі Президент сайлауына қатысып жатырмыз. Өзіміздің, еліміздің келешегі үшін өз таңдауымызды жасадық. Президент сайлауларына қатысып отырамыз осылай. Және де бүкіл халқымды осылай белсенді түрде Президент сайлауына қатысуларыңызды сұраймын. 

Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:

Рақмет, Сәлима ханым! Астана қаласы бойынша жыл сайын шашамен 31 мың сәби өмірге келеді. Ал күніне 100-ге жуық бала дүние есігін ашады. Дауыс беруге асыққан аналар осы балапандардың болашағы үшін сайлауға қатысу - біздің азаматтық борышымыз дейді. 

 А. Задабек