$457.29 €490.35 ₽5.97
×

Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс президент сайлауында дауыс берді

AstanaTV
20.11.2022ж. 12:00
437
Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс президент сайлауында дауыс берді

Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс өтіп жатқан Президент сайлауында дауыс берді. Ол оқушылар сарайында орналасқан №58 сайлау учаскесіне барды. Өз таңдауын жасады. Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын бірнеше саяси партия мен республикалық қоғамдық бірлестік халықтық коалиция ретінде ұсынды. Қасым-Жомарт Тоқаев Президент сайлауы еліміз үшін тарихи күн екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ КАНДИДАТ:

Бүгін – өте маңызды, тарихи күн. Еліміздің жарқын болашағы үшін дауыс беріп отырмыз. Шын мәнінде, биыл оңай болған жоқ. Бірақ халқымыз жұмылып, қиындықтардың бәрін еңсерді. Енді алдымызда тұрған өте ауқымды міндеттер, мақсаттар бар.

Б Сатуов


orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах