Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Президенттікке кандидаттар да дауыс беруге келді

AstanaTV
20.11.2022ж. 12:00
1157
Президенттікке кандидаттар да дауыс беруге келді

Президенттікке кандидаттар да дауыс беруге келді. Нұрлан Әуесбаев алғашқылардың бірі болып өз таңдауын жасады. Үміткер «Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның» атынан саяси додаға қатысып отыр. Кандидат Көктал шағын ауданында орналасқан N198 сайлау учаскесіне барды.

Нұрлан ӘУЕСБАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ КАНДИДАТ:

Қазақстанның барлық түкпір-түкпірінде біздің сайлауалды бағдарламамызды білді. Біз оппозияицилық партия ретінде біз өз пікірімізді барлық жерде ашық айтып жүрдік.

«Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» атынан президенттікке үміткер Қарақат Әбден де дауыс беруге келді. Ол сайлаушы ретінде 135-ші сайлау учаскесінің тізімінде. Кандидат ата-анасымен барды.

Қарақат ӘБДЕН, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ КАНДИДАТ:

Барлық халық өз отбасыларымен бірге еліміздің болашағына дауыс беруге дайын. Сондықтан да елдің бірлігі үшін, еліміз гүлдене берсін, әрі қарай жақсы, жарқын болашаққа жол сала берейік деген үлкен үмітім бар.

Р. Бақытжанқызы