«Мектепке жол» акциясы аясында
280 мыңға жуық оқушы материалдық көмек алады. Бұл туралы Орталық
коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Балалар құқығын қорғау комитеті
төрағасының орынбасары Мәншүк Әбдікәрім мәлімдеді. Оған қатарында ірі
компаниялар бар ерікті демеушілер тартылуда.
«Мектепке жол» акциясының
мақсаты - әлеуметтік аз қамтылған және көп балалы отбасыларға балаларын мектепке
дайындауға жәрдем беру. Яғни құрал-жабдықтар мен киім-кешектер тегін
таратылады. Бұл шараға сондай-ақ Ішкі істер министрлігі де тартылған.
Инспекторлар арнайы рейд жүргізіп, 1-ші қыркүйекке дейін оқуға бармай жүрген
жеткіншектерді анықтауы тиіс. «Мектепке
жол» акциясы 9-шы жыл қатарынан өткізіліп отыр. Былтыр 318 мың оқушыға көмек
көрсетіліп, 2 млрд теңгеге құрал-жабдық алынған.
Құралай ПИОНЕР