Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Алматыда даун синдромымен 200-ден астам адам есепте тұр

AstanaTV
01.08.2016ж. 20:00
2541
Алматыда даун синдромымен 200-ден астам адам есепте тұр

Алматыда даун синдромымен ауыратын 200-ден аса адам есепте тұр. Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары мәлімдеді. Айтуынша, даун синдромымен туылатын балалардың қатары жыл санап артып келеді. Оларды сырқатынан құлан таза айықтыру мүмкін емес. Тек физикалық ем-дом арқылы қоғамға бейімдеуге болады. Өкінішке орай, ондай орталықтар тым аз.

Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында мегаполисте жергілікті әкімдіктің қолдауымен оңалту орталығы ашылды. Мұнда сауықтыру орталығына кезегін күткен 30 бала қабылданды. Олар күнделікті логопедтен дәріс алып, қимыл-қозғалыстарын  ширататын жаттығулар жасайды. Бастапқы 3 ай оңалту курсына ата-аналар 5 мың теңгеден төлейді. Кейін орталық қайырымды жандардың көмегімен ем-дом шараларын тегін жалғастыруды жоспарлап отыр.

Бағдагүл Әбдірасылова, Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

2011 жылы 170 бала тіркеуде тұрса, қазір  208-ге жетті. Біз сырқатты ана құрсағында анықтай аламыз. Бірақ көбіне аналар түсік жасатудан бас тартады. Бұл олардың шешімі. Балалар  мен  ата-аналарға психологиялық қолдау көрсетуге тиіспіз.