Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қызылордада саяси науқан ерекше сән-салтанатымен өтуде

AstanaTV
20.11.2022ж. 16:00
1695
Қызылордада саяси науқан ерекше сән-салтанатымен өтуде

Қызылорда облысы Қазалы қаласында ағайынды үшемдер өз таңдауларын жасады. Екінші рет сайлауға қатысып отырған оларға естелік сыйлықтар берілді. Қала тұрғындары үшін де бұл саяси дода ерекше сәттерімен есте қалатын болды. Себебі барлық учаскелерде бауырсақ пати ұйымдастырылып, ұлттық ойындар өткізілді. Балаларға да базарлық ұйымдастырылды.

Қазалы қаласының тұрғындары апалы-сіңілі үшемдер медбике болып жұмыс жасайды. Бір-бірлерінен ешқашан ажырамаған олар өз таңдауларын жасауға да бірге келген.

Дариға ШӘКІРОВА, ҚАЗАЛЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

ҚР Президент сайлауына үшеуміз келіп тұрмыз. Сіңілім Әлия, Динара және мен Дариға. Бұл біздің екінші дауыс беруіміз. Сіздерді де дауыс беруге шақырамын.

Аймақта бұл жолғы сайлау тұрғындар үшін ерекше сәттермен есте қалмақ. Қаладағы учаскелердің бірінде қазан асылып, келушілер ыстық бауырсақтан дәм татты. Сондай-ақ, ұлттық ойындар ұйымдастырылып, асық атып, қол күрестірді. Ал келесісінде караокемен ән айтуға да мүмкіндік жасалды. Сайлаушылар патриоттық өлеңдерді шырқап, мерекеге келгендей ерекше әсер алуда.

Мейрамша ҚОЙШЫБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Күтпеген тосын сый караоке ұйымдастырып қойыпты. Көңіл-күйім өте тамаша, караокеде өлең айттым, дауыс бердім.

Ата-аналарына еріп келген балақайлар да дән риза. Түрлі кейіптегі аниматор мен робот оларға ұмытылмас кеш сыйлады.

Айгүл ОРАЗБЕК, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Керемет балаларға іс-шара ұйымдастырып жатыр екен. Мектептің ұжымына рахмет. Өте керемет, тамаша көңіл-күйде тұрмыз. Біз дауыс берем дегенше баламыз көңіл-күйін көтеріп, ойнап жатыр.

Жалпы аймақта 373 сайлау учаскесі бар. Онда 483 мыңға жуық сайлаушы тіркелген.

М. Тоқтасынқызы